«Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 263 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16843 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Персоналмен жұмыс жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Е.Ж. Сәрсембаев |
Әділет министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 263 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 18 сәуірдегі
№ 628 бұйрығымен
бекітілген